Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Несие төленбеген жағдайда, банк жалақыңыздың қанша пайызын ұстап қалады?
Қаржылық сауат

Несие төленбеген жағдайда, банк жалақыңыздың қанша пайызын ұстап қалады?

28.10.2022
2 мин
17
8000

Банк өкілдері қарыз алушының жұмыс орнына, туыстарына хабарласып, одан нәтиже болмаса, қарызды жалақысынан ұстап қалып жатады. Бұл қаншалықты заңды? Нақты қандай жағдайларда банк борышкердің жалақысынан ұстап қалуға немесе оның жалақы картасын бұғаттауға құқылы? Осы және өзге де сұрақтарға заңгер Данияр Түймебаев жауап берді деп хабарлады Dauletten.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Заңгер банк пен қарыз алушы жасасқан келісімшарттарда қарыздың уақтылы, мерзімі бойынша төленуі тиіс екені көрсетілетінін айтады. Дегенмен, статистика бойынша, несиені кешіктіріп төлейтіндердің саны азаяр емес.

Түймебаев осындай жағдайларда қаржы мекемесінің істі коллекторларға жолдап, мәселенің сот арқылы шешілетінін айтады. Сондай-ақ, маманның сөзінше, банк несие бойынша қарызы барлардың жалақы қартасынан ақша ұстап қалуға құқылы.

«Бұл іс сотқа жеткен болса ғана, борышкердің банк картасынан қарызы үшін ақша ұстап қала алады. Себебі мұнда сот орындаушысының дәлелі мен қажетті құжаттар бар. Ең бастысы – банк пен клиент арасында жасасқан келісімшартта белгілі бір мерзім көрсетілуге тиіс, яғни, қарыз сол мерзімге дейін өтелмеген жағдайда банк жалақы картасынан ақша ұстай алады. Кейбір жағдайларда клиенттер өздері жалақысынан белгілі бір соманы ұстап отыруға өтініш жазып, рұқсатын беріп жатады», – дейді заңгер.

Несие алғанда кепілгер болудың қандай қаупі бар?

Бірақ, Түймебаевтың айтуынша, банк жалақының барлық сомасын ұстап қала алмайды.

«Банк әлеуметтік көмек, алимент, балаларға берілетін жәрдемақы, басқа да жағдайларға қатысты берілетін өтемақыларды ұстап қала алмайды. Банк картасындағы барлық ақшаның көп болса, 50 пайызын ғана ұстай алады. Одан көп ақша ұсталған жағдайда клиенттің прокуратураға банктің заңсыз әрекетіне шағымданып, өтініш қалдыруға құқығы бар», – дейді заңгер.

Маман сот үкімі шықпайынша, банктің жалақы картасын бұғаттауға құқығы жоқ екенін айтады. Ал қандай да бір сот үкімі шықпаса, банк ол шығынды өтеуге тиіс болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
17 Пікір
О
Орынгул Ахметжанқызы. 20.04.2023
Саламатсыз уақытылы төленбеген несие коллекторларға жолданып іс сотпен шешілген жағыдайда ғана боршкердің айлығынан ұсталады деген екенсіз, бірақ сот болмай-ақ күйеуімнің жұмысына бухгалтерияға хат жіберіп айлығының 50 % ұстап отыр бұл қаншалықты заңды.және бұл несиені алғанымызға 10 жылдан аса уақыт өтіп кетті
Жауап беру
М
Мейрамбай 09.04.2023
Менің шотымды жауып тастап жусан банк ұстап отыр дым сот шешімін сіз ескерпестен заңсыз
Жауап беру
Н
Науат 06.02.2023
Азимбек балам. Мен зейнеткермін.70келіп қалдым. Менің зейнетақымнан forte bank 50пайызын ұстап жүргеніне 15жылдай болып қалды. Черновой вариантпен алынған үй , квадратурасы дұрыс болмай, маған сатқан адам өздері қайтып сатып алды. Бірак банк уақтылы төленбеген проценттерін және де үйдің бастапқы ақшасын түгелімен, мен қатыспаған сот арқылы шешім шығарып, менен ұстап отыр. Сотқа беретін менде жағдай жоқ. Қандай ақыл бересің?
Жауап беру
е
ееееееееееее5ееееееееееееееееееееееееекеееее5ееееееееееееееееееееееееенеееееенеееееееееееееееееееееееееееееееееееееенеееееееенеееееее5еееееетее5еееиеееее5еее5ееёе5ееет555еееееин5ееееоооне55еееоее555енон5555555555555555555555555555555555555н55не5н555пеееее55еенингелнгннгшшгш 25.11.2022
ссссмсе2еоеекеееееееееееелеееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееоееееееееееееееееееееееееееееееееессссссссппр
Жауап беру
Е
Еркеназ 03.11.2022
Сәлеметсіз бе! Атамнын картасынан букул айлыгын устап калган гой банк. Бирак сот шешими ондай ештенке жок уакытылы толеп жатты осы айда 1жетиге кешигип калганга устап калап тур
Жауап беру
А
Азимбек 01.12.2022
Хабарласыңыз, анықтап беремін. 87756696985
Жауап беру
У
Улбосын 02.11.2022
Заимдар жабылама
Жауап беру
А
Азимбек 01.12.2022
Нақты ақпарат бере аламын, 87756696985
Жауап беру
Д
Динара 02.11.2022
Динара: Менің де жолдасым 10000000 теңгеге алаяқтарға алданып отыр президент жобасы газпром деп 3 банктен кредит алғызған форте, каспи, евразискийден, сонда кешегі президенттің 12 шілде айында қабылданған қаулысын ешкім орындамағаны ма сонда. Алаяқтар банкте отыр. Қалай онзыз да 3000000 тг несиесі бар адамға 10000000тг несие береді. Енді не істерімізді білмей полиция бөліміне арыз тастап отырмыз. Біздің жан айқайымызды кім естиді???????????????? Осы мошенничиства ісімен айналысатын жақсы адвокат бар ма сотта қорғап шығатын Бұл жерде банктің адамдары ауыз жаласқаны айдан анық, историяда кредиті мен айлығы шығып тұрса, төлей алмайтының көріп тұрып бере береді, ал дәл ауырып ем үшін кредит алайын десен айлығыңыз жетпейді деп бермейді????????????
Жауап беру
Г
Гульбаршын 31.10.2022
Кайырлы тан!Бауырымнын 6 -шы баласы ауыр диагнозбен туды.Басын 5 операция жасады Алматы.Астана калалаларында платный консультация ларга барды.Несиесин толей алмай Каспи Банк зарплата карточка ны бугаттап тастады.Сонда калган балалары кандай жагдайда ?Банк"Состав семьи "деген ге карамайдыма?100пайыз неге жабады?
Жауап беру
М
Мика 31.10.2022
Кеш жарык.менде сұрақ қоюға бола ма? Осы банк ай сайын еңбек ақының 50 пайызын ұстап отырады, сонымен қатар сол айда командировочный немесе премия т.б.сияктв акша түссе.барлығынан 50 пайызын ұстап отырады, осы заңды ма?
Жауап беру
Г
Гуля 29.10.2022
Амалымыз жоқтықтан аламыз. Бәрі аспандап,қымбаттап ұшты, айлық орынан жылжымақ түгілі өсуді де ойламайды. Сонда қай ақшамызбен төлейміз? Билік баспен жұмыс істеңдерші, напықтық бағаны реттеп, нақты бір бағаны ұстау өз қолдарыңызда ғой,өтірік біздің қолдан келмейді дейсіздер. Айлықты көбейтіңіздер, әр жұмыс беруші орындарға да талап қоя біліңіздер, сонымен қатар бәрін заңды түрде реттеп отырсаңызьар ешкім ешкімнің ақысын жемес еді ғой. Ақша жетіп артылып, жатса кім алады ол кредитті, ешкімде жоламас еді. Халыққа шынайы қызмет ететін уақыт келді,құрғақ шөппен ауыз сүрте бермей
Жауап беру
А
Айгүл 28.10.2022
Мәлімет толық емес
Жауап беру
С
Светлана 28.10.2022
Я арине дурыс емес адамнын жеке мулкине кол суккандайгой жалакыны устау!Кара халык кобине кредит алатын олардын жалакысын устаса олар немен кун кореди!Осыны угынса екен!Сосын кредиттин пайызын кобейтпеу керек кой!
Жауап беру
Қ
Қалампыр 28.10.2022
Менің береке банк жіне евразияда кредитім бар төлей алмай отырмын, жұмыссыздықтан. Каспий банк мені бұғаттап тастады төлемегенім үшін. Неге? Каспийға карыз емеспінгой
Жауап беру
28.10.2022
Актуальный банк. Барлыгы каспи голд картасын пайдаланады. Сондыктан шыгар
Жауап беру
Г
ГҮЛЖАМАЛ 30.10.2022
Төлейді алмай жағдайы келмеген кезде 3 айға шегере тұрса өйткені басқа банктің қарызынан құтылуға жағдай болар еді
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл