| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Назарбаев Зияткерлік мектебінде 15 сәуір - Ғашықтар күніне орай мектептің театр студиясы «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» қойылымын көрерменге тарту етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақтың классикалық жырындағы адал сезімнің иелері — Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың қайғылы махаббатын, тарихтағы сол кезеңді оқушылар актерлық шеберлікпен жеткізуге тырысты. Он бес ғасыр бойы қазақ халқымен келе жатқан махаббаттың символына айналған жырдың желісімен қойылған спектакльді мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар және CIS халықаралық сарапшылары тамашалады. Шетелдік қонақтар жас актерлердің ойынына ризашылықтарын білдіріп ұзақ қол шапалақтады. 15 сәуір қос ғашықтың құрметіне Қазақстанда Қозы Көрпеш - Баян сұлу күні болып аталып өтетіні халықаралық топ үшін әсерлі жаңалық болды.

Жас ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезімді, сыйластық пен адалдықты қалыптастыру мақсатында ұлттық эпосты жандандырып сахнаға қоюға жетекшілік еткен мектепшіл театр студиясының қосымша білім беру педагогы-режиссер Қапсамет Нәзік. Қойылымға 30-ға жуық оқушылар тартылып сахналық ойынның қыр-сырын білді. Қос ғашықтың рөлін 11 «Г» сынып оқушысы Құрбанали Алмат пен 9 «Е» сынып оқушысы Балхыбек Нұрай сомдады.

– Алда әлі талай белестерді бағындырамыз деп ойлаймын. Оқушылардың алғашқы қойған спектаклі көрерменнің көңілінен шыққаны қуантады. Зияткерлердің талпынысы менің күткенімнен он есе зор болды,- деп бөлісті педагог.