Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда саламатты өмір салтын насихаттайтын Жол картасы әзірленуде
Жаңалықтар

Қазақстанда саламатты өмір салтын насихаттайтын Жол картасы әзірленуде

04.08.2023
1 мин
0
421

Денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру және саламатты өмір салтын насихаттауды күшейту мақсатында Қазақстанда 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, іске асырылуда. Бұл туралы  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Ведомстваның айтуынша, жол картасы спорттық жарыстар мен денсаулық фестивальдері сияқты бұқаралық іс-шараларды өткізуді, белсенді демалыс пен спорт үшін инфрақұрылым құруды, дұрыс тамақтану мәселелері бойынша түрлі іс-шараларды, денсаулық сақтау мекемелерінде денсаулық сақтау саласындағы халықтың сауаттылығын арттыру үшін білім беру бағдарламалары мен консультациялар өткізуді жоспарлайды. 

Аталмыш іс-шараларды іске асыру нәтижесінде темекі, алкоголь өнімдерін және ПАЗ тұтынуды қысқарту, психикалық және репродуктивті денсаулықты жақсарту, жарақаттануды азайту күтіледі.

Жол картасы шеңберінде маңызды әлеуметтік жобалардың бірі - 2025 жылға дейін небәрі 39-ы құрылатын «Саламатты асханалар», «Салауатты кафетерийлер», «Салауатты бистро», «Саламатты дүкендер» дұрыс тамақтану жөніндегі кәсіпорындар желісін дамыту болып табылады. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың тамақтану рационы бойынша ұйымдастырылған балалар ұжымдары үшін бірқатар ұлттық ұсынымдар әзірленетін болады.

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қант қосылған сусындарды, құрамында тұзы жоғары өнімдерді тұтынуды азайту бойынша халықтың арасында белсенді түсіндіру жұмыстары күтілуде.

Сарапшылар халықтың әртүрлі жас топтары үшін дене белсенділігі бойынша ұлттық ұсынымдарды енгізетін болады. Бағыттардың бірі халықтың арасында жарақаттанудың алдын алу (балалардың құлауы, суға батуы, терезелерден құлауы); темекі, алкоголь, ПАЗ тұтыну бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу болады. Барлық жерде темекіге қарсы кабинеттер, темекіні тастаушыларға арналған сенім телефондары, темекі шегуден бас тартуға арналған қосымшалар құрылады.

Жол картасы қазақстандықтардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыруға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға және денсаулықты сақтау мен аурулардың профилактикасы үшін қолайлы әлеуметтік ортаны қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс, қоғамды мықты және дені сау халқы бар елге айналдыруда маңызды рөл атқарады.

Денсаулық сақтау министрлігі оны іске асыру ел халқы арасында саламатты өмір салтын ілгерілетудегі маңызды қадам болатынына сенімді.

Қабылданған Жол картасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының «2023-2025 жылдарға арналған саламатты өмір салтын насихаттауды күшейту, халықтың денсаулық мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру» деген 91-тармағын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл