454.14
509.23
5.41
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жалақысы ең жоғары мамандықтар аталды
Жаңалықтар

Қазақстанда жалақысы ең жоғары мамандықтар аталды

15.10.2026
мин
0
287
Сурет: stat.gov.kz

Қазақстанда 300 мың теңгеден жоғары жалақы алатын қызметкерлердің үлесі 58,4%-ға жетті. Ұлттық статистика бюросы инженерлер, дәрігерлер, бухгалтерлер мен басқа да мамандардың орташа айлығын жариялады. Ресми дерекке сәйкес, ұйым басшыларының есептелген жалақысы 1,1 миллион теңгеден асады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда қызметкерлердің жалақы деңгейі мамандығы мен атқаратын лауазымына қарай айтарлықтай ерекшеленеді. Ұлттық статистика бюросының 2026 жылғы сәуірдегі зерттеуінде ұйымдар мен кәсіпорындарда толық ай жұмыс істеген 3,38 миллионға жуық қызметкер қамтылған. Зерттеу нәтижелері 14 қазанда жарияланды. 

Қазақстандықтардың жалақысы қалай өзгерді?

Бюро мәліметінше, айына 300 мың теңгеден жоғары жалақы алатын қызметкерлердің үлесі 2025 жылғы 53,7%-дан 2026 жылы 58,4%-ға дейін өскен.

Ал 100 мың теңгеге дейін жалақы алатындардың үлесі 3,3%-дан 2,3%-ға азайған. Айына 100–300 мың теңге табатын қызметкерлердің үлесі де 43%-дан 39,3%-ға дейін төмендеген. 

Мамандардың орташа жалақысы қанша?

Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметтер бойынша, 2026 жылы бірқатар мамандық иелерінің орташа айлық есептелген жалақысы мынадай болған:

  • Ұйым басшылары – 1 101 100 теңге;
  • инженерлер – 702 000 теңге;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлер – 645 000 теңге;
  • инженер-технологтер – 617 000 теңге;
  • инженер-энергетиктер – 615 100 теңге;
  • дәрігерлер – 491 400 теңге;
  • бухгалтерлер – 398 600 теңге;
  • фармацевтер – 347 700 теңге;
  • автокөлік жүргізушілері – 328 100 теңге;
  • техниктер – 314 700 теңге;
  • фельдшерлер – 313 600 теңге;
  • медбикелер – 264 600 теңге;
  • аспаздар – 192 600 теңге;
  • күзетшілер – 174 200 теңге. 

Бұл сандар барлық қызметкердің жалақысы осындай дегенді білдірмейді. Олар зерттеуге енген қызметкерлер бойынша есептелген орташа көрсеткіштер.

Қай кәсіптерде жалақы көбірек өскен?

Бір жылда жалақы өсімі ең жоғары болған кәсіптік топтардың қатарында өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сабақтас салалардың жұмысшылары бар. Олардың орташа айлық атаулы жалақысы 13,1%-ға артқан.

Өндірістік жабдық операторларының, құрастырушылар мен жүргізушілердің жалақысы 10,4%-ға өскен. Жалпы, бюро деректерінде кәсіптердің тоғыз ірілендірілген тобының барлығында жалақының өсуі тіркелген.

Жалақы қолға тиетін ақшамен бірдей емес

Бюроның түсіндіруінше, зерттеуде есептелген жалақы, қосымша төлемдер, үстемеақылар мен сыйақылар ескерілген. Сонымен бірге салықтар мен зейнетақы аударымдары да есепке кіреді. Сондықтан жарияланған сомаларды қызметкердің қолына алатын таза айлығы деп түсінуге болмайды.

Зерттеу тек есепті жылдың сәуір айын толық жұмыс істеген қызметкерлерді қамтиды. Осыған байланысты көрсеткіштерді барлық қазақстандықтың табысын сипаттайтын әмбебап рейтинг ретінде қабылдамаған жөн.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл