Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтар қай банк депозитінен жиі ақша алады
Жаңалықтар

Қазақстандықтар қай банк депозитінен жиі ақша алады

11.06.2021
1 мин
0
1720

Елімізде 2021 жылдың басынан бері қазақстандық банктердегі жеке және заңды тұлғалардың депозит салымдарының өсуі байқалады.

Ұлттық Банк ақпаратына сүйенсек, биыл мамыр айының басында жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі 11,8 трлн теңгені құраса, заңды тұлғалардың депозиттерінің көлемі 11,3 трлн теңгеге жетті. Қаңтар айының басында бұл көрсеткіш 10,9 трлн және 10,6 трлн теңгені құраған. Осылайша, төрт айда салым мөлшері жеке тұлғалар үшін 917,5 млрд теңгеге, заңды тұлғалар үшін 707,5 млрд теңгеге артты.

Жеке тұлғалардың депозит мөлшерінің азаюы бойынша ВТБ Банкі алдынға орында. Депозиттерді шешіп алу 7,4%-ті, яғни 3,4 млрд теңгеден 42,6 млрд теңгеге дейінгі аралықты құрады. Ал корпоративтік керісінше, 13%-ке немесе 24,3 млрд теңге мен 209,7 млрд теңгеге дейін өсім анықтылды.

АТФ Банк жеке тұлғалардың салымдары 5,1%-ке немесе 16,5 млрд теңгеге, ал заңды тұлғалардың салымдары 4,9%-ке немесе 16,9 млрд теңгеге азайған қаржы институттарының тізімінде екінші орынға жайғасты. Al Hilal Ислам банкі үштікке кірді. Бұл банкте жеке клиенттердің жинақтары 1,2%-ке немесе 22 млн теңгеге, корпоративтік 11,4%-ке немесе 1,7 млрд теңгеге қысқарды.

Сонымен қатар, еліміздің басқа банктерінде төрт ай ішінде жеке тұлғалардың салымдарының өсуі анықталды. Ең көп ағын КЗИ банкте – 71,6%, Отбасы банкте – 33,3%, Заман банкте - 28,3% және Шинхан банкте-14,7% тіркелген. Ал заңды тұлғалардың Отбасы банктегі депозит мөлшері  16,1%-ке, Шинхан банктегі депозиттер 31,8%-ке және Сбербанктегі депозиттері 16,6%-ке өскен.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
299
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл