Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Топ-5: Қазақстандағы тарихи орындар мен ескерткіштер
Жаңалықтар

Топ-5: Қазақстандағы тарихи орындар мен ескерткіштер

18.04.2023
5 мин
2
10043

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандағы тарихи орындар мен ескерткіштердің топ бестігін ұсынды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда 25 000-нан аса тарихи-мәдени мұра ескерткіші бар. Оның ішінде 10 ескерткіш ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізімінде, 12 463 ескерткіш республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесіне ие. Мәдениет және спорт министрлігі алдағы уақытта тағы 5 тарихи ескерткішті ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне қосуды жоспарлап отыр.

  1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

фото: balalaralemi.kz

Әмір Темірдің басшылығымен XIV ғасырда салынған кесене халқымыз үшін киелі орын саналады. Ясауи кесенесінің маңына 24 хан, сұлтан мен 57 батырдың, 18 бидің сүйегі жерленген.

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген кесененің биіктігі – 39 метр. Ғимарат бір бірімен түрлі дәліздер арқылы жалғасып жатқан 35 бөлмеден тұрады.  Орталық бөлмеде көне жәдігер – Тайқазан орналасқан.

  1. Таңбалы кешені

фото: twitter.com

Көне дәуірден сыр шертетін Таңбалы тастар еліміздің аса маңызды тарихи мұраларының бірі. Ол – Орта Азиядағы жартастағы өнердің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген тұңғыш ескерткіш.

Таңбалы кешеніндегі петроглифтердің 4000 жыдық тарихы бар. Ал суреттердің жалпы саны 5000-ға жуықтайды.

  1. Ақыртас сарай кешені

фото: ticketon.kz

Қойнауы құпияға толы Ақыртас сарай кешені VII-XII ғасырларда салынған. Қабырғаларына қаланған тас блоктарның әрқайсысының салмағы бір тоннаға жуық. Кейбір қашалған тастардың салмағы 10 тоннадан асады.

Ғалымдар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне кіретінтін кешенін араб деректерінде кезігетін, Ұлы Жібек жолы бойындағы Касрибас қаласы деп топшылайды.

Аумағы 2,5 гектар жерді алып жатқан бұл нысанның 70-ке жуық бөлмесі, 15 колонна галереясы, кіреберіс қақпалары, ортада жарты гектар ашық алаңы болған.

  1. «Жаркен мешіті» сәулет-көркемөнер музейі

фото: twitter.com

Ешбір шегесіз салынған бұл мешіт 1887-1892 жылдар аралығында бой көтерген. Құрылыс жұмыстары Бейжіңнен шақырылған қытай маманы, инженер – Хон Пиктің басшылығымен жүргізілген.

Кешеннің жалпы жобасына бас қақпа, кіші мешіт, медресе, үлкен жұма мешіті, күйдірілген көк кірпіштен қаланған дуал қоршау кіреді.

  1. Айша бибі кесенесі

фото: e-history.kz

Айша бибі кесенесі – ХІ-ХІІ ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ойып жасалған өрнектердің көркемдігі мен сан түрлілігі жағынан басқа мемориалдық-дәстүрлі ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Кесене туристерді тек ерекше сәулетімен ғана емес, Айша бибі мен Қарахан арасындағы шексіз махаббат хикаясымен де қызықтырады.

фото: twitter.com

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
Л
Лии 24.09.2023
Рақмет
Жауап беру
М
Мии 24.09.2023
Оқасы бар????????
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл