Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Баспанаға бағыт

Үкімет қолжетімді баспананы кілтімен сатып алу механизмін әзірлеп жатыр

01.08.2022
1 мин
5
1542

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынатын әлеуметтік тұрғын үйлердің конкурстық процедуралары оңтайландырылмақ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында осындай мәлімет келтірді.

«Мемлекет басшысы халықты қолжетімді баспанамен қамтып, әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін офтейк-келісімшарттар («кілтімен сатып алу») арқылы кредиттік баспана салып, оны мұқтаж азаматтарға 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының бағасымен сатып әперу механизмін енгізуді тапсырған болатын. Аталған механизмді іске асыру үшін «Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының аясында Үкіметтің қорытындысы әзірленіп жатыр. Ол қорытынды Бюджет кодексіне техникалық тұрғыда күрделі емес нысандар салуға қойылатын шектеулерді алып тастайтын түзетулер енгізуді көздейді. Бұл түзетулер «кілтімен берілетін» нысандарды бір ұйымның жобалап, салуына мүмкіндік беретін бір конкурстың аясында офтейк-келісімшарт жасауға мүмкіндік береді», - деп жазылған вице-премьердің жауабында.

Оның пайымынша, осының арқасында тұрғын үй салушылардың қолжетімді баспана жобаларын іске асыруға қызығушылығы артпақ. Конкурс жарияланған кезде техникалық ерекшеліктерімен бірге қажетті пәтерлердің өлшемдері мен саны көрсетіледі. Сондай-ақ, жер телімі мен жобалық-сметалық құжаттаманың, құрылыс-монтаж жұмыстарының құны бірге есептелген жалпы сомасы көрсетіледі.

Сонымен бірге, құрылыстың сапасы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Е-Құрылыс» жүйесі кезең-кезеңмен іске қосылады.

«Жалпы, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әлеуметтік кредиттік баспана құрылысын 1 шаршы метрге 290 мың теңге көлемінде, сондай-ақ жеке меншік құрылыс компанияларын ынталандыру кезінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын 1 шаршы метріне 310 мың теңгеге дейін қаржыландыру көзделген.

Бүгінгі мемлекеттік сатып алудың моделі инженерлік-комуникациялық инфрақұрылым нысандарын жобалау бойынша жеке баспана мен әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы бойынша жеке конкурс жүргізуді қажет ететінін айту керек. Бұл конкурс процедураларын ұзартып, нысандардың қолданысқа беру мерзімін кешіктіреді», - делінген жауапта.

5 Пікір
W
World BANK 24.09.2022
500.000₸ --------150.000.000₸ Сәлеметсіз бе, ханым мен мырза, мен АҚШ банкінің жеке қызметкерімін. Біз 2% ақшалай несие ұсынамыз, егер сізді қызықтыратын болса, менің whatsapp нөмірімді тексеріңіз. +44 330 818 6956
Жауап беру
С
Самал 23.08.2022
Жетімдердің уй кезегі неге қозғалмай қалды?
Жауап беру
М
Мадина 01.08.2022
БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДА ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕРДЕ ТҰРАМЫЗ 25ЖЫЛ ЖЕКЕ БАСЫМЫЗҒА БАСПАНА ӘЛІ ЖОҚ 40ҚЫРЫҚ ҚҰЖАТ ЖИНАТЫП ЖҰМЫС ОРНЫ УАҚЫТША 6АЙ ҒА СОЗЫП БЕРЕТІН СОҢҒЫ8,9ЖЫЛДАН ОЛ ЖҰМЫС ОРНЫ ЖАБЫЛҒАНДЫҚТАН ӨЗДЕРІҢІЗ ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТЫ ЖИНАП ТАПСЫРЫҢЫЗ ДЕЙТІН БОЛДЫ ОРЫС ТІЛІНДЕ (ҚҰЖАТ)ЖИНАП ӘРІ ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ ТҮРЛІ ТАЛАП ШАРТЫМЕН ОРЫС ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ БІЛІМІЗ АЗ БОЛҒАСЫН БА ТОЛТЫРҒАН ҚҰЖАТТАН ҚАТЕ ЗАҢМЕН ТАҒЫДА ТҮРЛІ ҚҰЖАТ ТАЛАП ЕТІП ЕШ МҮМКІН БОЛМАДЫ МҰНАН СОҢ ҚҰЖАТ ЖАСАП БЕРЕМІЗ ДЕП ЕКІ АДАМҒА КРЕДИТ АЛЫП АҚША БЕРСЕК ЕКЕУІ ДЕ АЛААЯҚ БОЛЫП ЕШ ҰСТАТПАДЫ СОТҚА БЕРУГЕ ЕШ ДӘЛЕЛІМІЗ БОЛМАДЫ (АҚША АЛҒАНЫ ТУР ҚОЛ ХАТ Т,Б АЛУ КЕРЕК ЕКЕНІН ББІЗ ОЛ КЕЗДЕ БІЛМЕДІК СОНЫМЕН ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАН ҚОЛ ЖЕТІМДІ БАСПАНА 2025 -26 БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚТЫ БАСПАНАМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫСА БҰЛ КӨПШІЛІКТІҢ ТІЛЕГІ ТҮЛІ ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН АЗ ОТБАСЫЛАРДЫ ЕСКЕРСЕ НЕ БАСПАНАНЫ ҚҰР АЙТЫП ЖАЗБАЙ ЖЕДЕЛ ІСКЕ АСЫРЫЛСА
Жауап беру
Н
Назира 01.08.2022
Шымкент каласы неге 3 4 жылдан бери мемлекеттік қызмет керлерге арендалық уй бермей отыр или осындай отирик жаңалық пен қаншалықты алдап журе берер екен
Жауап беру
Б
Багила 01.08.2022
Прописканы алып тастасыншы отиниш
Жауап беру
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл