Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биометрия, шектеу және антифрод: елімізде SIM-карта алу тәртібі өзгерді
Жаңалықтар

Биометрия, шектеу және антифрод: елімізде SIM-карта алу тәртібі өзгерді

04.01.2026
мин
0
319
Сурет: m24.ru

Қазақстанда азаматтарды мобильді және интернет-алаяқтықтан қорғауға бағытталған жаңа тетіктер енгізілуде. Қабылданып жатқан шаралар байланыс саласындағы қауіпсіздікті арттырып, алаяқтық әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Негізгі жаңашылдықтардың бірі – ұялы байланыс операторларының Ұлттық Банктің Антифрод-орталығымен тұрақты өзара іс-қимылы. Бұл алаяқтық мақсатта пайдаланылатын телефон нөмірлерін дер кезінде анықтап, жедел бұғаттауға жол ашады. Күдікті қоңыраулар мен хабарламалар тіркелген жағдайда, операторлар абонент туралы мәліметтерді Антифрод-орталыққа жолдап, тексеру жүргізеді. Алаяқтық белгілері расталса, нөмір бірден бұғатталып, байланыс қызметі тоқтатылады.

Сонымен қатар абоненттік нөмірлерді рәсімдеу тәртібі нақтыланды. Бір адамға жеке және отбасылық қажеттіліктер үшін онға дейін SIM-картаны тіркеуге мүмкіндік беріледі. Бұдан артық нөмірлерді рәсімдеу тек нақты негіздеме болған кезде және олардың қандай құрылғыларда пайдаланылатыны көрсетілген жағдайда жүзеге асырылады. Бұл шешім нөмірлерді жаппай тіркеу арқылы жасалатын алаяқтық схемалардың жолын кесуге бағытталған.

Абоненттерді сәйкестендіру талаптары да күшейтіледі. Енді SIM-карталарды рәсімдеу биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана мүмкін болады. Бұл талап бизнес құрылымдарға да қатысты: қызметтік мақсатта SIM-карта берілетін барлық қызметкерлер жеке басын растауы тиіс. Мұндай тәсіл телефон нөмірлерін жасырын пайдалануды болдырмай, олардың заңды әрі жауапты қолданылуын қамтамасыз етеді.

Міндетті биометриялық сәйкестендіру SIM-карталардың делдалдар арқылы заңсыз сатылу мәселесін де шешуге мүмкіндік береді. Нөмір қай жерде сатып алынғанына қарамастан, байланыс қызметі абоненттің жеке басы расталғаннан кейін ғана іске қосылады.

Жалпы алғанда, аталған шаралар телекоммуникация саласында ашық әрі қауіпсіз ортаны қалыптастырып, азаматтарды қаржылық және цифрлық алаяқтықтан қорғауға бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл