| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында АҚШ долларының бағасы төмендеп отыр. Қазіргі таңда валюта айырбастау орындарындағы сатып алу және сату бағамдары қалаға қарай әртүрлі қалыптасқан, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астанада долларды айырбастау орындары 435 теңгеден сатып алып, 442 теңгеден сатып жатыр.
Алматыда шетел валютасының сатып алу бағасы 439 теңге, ал сату бағамы 440,5 теңге деңгейінде.
Шымкентте доллардың сатып алу құны 438,5–439 теңге аралығында болса, сату бағасы 440,5–441,5 теңге шамасында.
Осылайша, аталған қалалар арасында доллардың ең төменгі сатып алу бағасы Астанада тіркеліп отыр. Валюта бағамдары айырбастау орнына байланысты өзгеруі мүмкін, сондықтан нақты операция алдында қолданыстағы курсты тексерген жөн.