Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Заңсыз берілген 7,8 млн га  жер мемлекетке қайтарылды
Жаңалықтар

Заңсыз берілген 7,8 млн га жер мемлекетке қайтарылды

22.08.2023
1 мин
0
477

Үкіметтің баспасөз қызметі мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында 2022 жылдың басынан бастап игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 7,8 млн га ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлады Dauletten.kz. 

Мәселен, Қарағанды облысында 1,5 млн га ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. 

Қостанай облысында – 738 мың га, 

Ақтөбе облысында – 745 мың га, 

Түркістан облысында – 631 мың га, 

Павлодар облысында – 532 мың га.

Республика бойынша жерді пайдаланушыларға қатысты 5,5 млн га алаңды қамтитын 2 410 жоспардан тыс тексеру тіркелді. Тексеру нәтижелері бойынша 3,1 млн га алаңда жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1 597 ұйғарым шығарылды, 240,9 мың га алаң бойынша 246 материал сот қарауында.

Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жерді пайдаланушылар 2,7 млн га алқаптағы өз жерлерін игеруге кірісті.

Сонымен қатар, қабылданған шешімдердің заңдылығына қатысты жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша аумағы 526,3 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін беру туралы жергілікті атқару органдардың 515 заңсыз шешімі анықталып, оның ішінде 135 шешімнің күші жойылды, қалған 380 шешімнің күшін жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
299
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл