Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жастар бес бағыт бойынша менторлық оқыту бағдарламасынан өтеді
Жаңалықтар

Жастар бес бағыт бойынша менторлық оқыту бағдарламасынан өтеді

10.10.2023
1 мин
0
532

Алматы облысы, Талғар ауданы, «Ақ Бұлақ» демалыс орнында 8 қазан күні «ӨзгерIS» атауымен республикалық жастарды менторлық оқыту бағдарламасы басталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» ұйымының ұйымдастыруымен «Ules» жобасы аясында ұйымдастырылуда. 

Бес күнге созылатан менторлық оқыту бағдарламасында жастар тұлғалық даму, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, кәсіби бағдар беру (профориентация), медиа бағыттары бойынша білімдерін шыңдайды және ары қарай игерген білімдерімен өз өңірлеріндегі жастармен бөліседі.

«ӨзгерIS» менторлық оқыту бағдарламасына республиканың түкпір-түкпірінен 100 жасқатысуда.

Шарада мемлекет және қоғам қайраткерлері, инфлюенсерлер мен түрлі сала мамандары жастармен кездесіп дәріс оқиды. Сонымен қатар жастар спорттық, шығармашылық бағыттажарысатын болады. Шара соңында қатысушыларға оқыған бағыты бойынша арнайы сертификат табысталады. 

«Алматы студенттер Альянс» КҚ директорының айтуынша – бағдарламаға қатысуға 200-дан астам өтінім келіп түскен. Толтырылған сауалнама мен мотивациялық хаттары негізінде 100 жас іріктеліп алынды. Қатысушылар арасында студент, жастар қызметкерлері, ұстаздар, кәсіпкерлер және түрлі сала мамандары бар. 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
294
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл