Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Баспанаға бағыт

"Жетісу жастар" бағдарламасының шарттары қандай?

17.12.2022
2 мин
0
2377

Бағдарламаның қашан іске қосылатыны белгісіз.  

"Жетісу жастары" тұрғын үй бағдарламасының шарттарына сәйкес, ипотеканы Талдықорған қаласында "жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар" санатындағы үй кезегінде тұрғандар рәсімдей алады, деп жазады Dauletten.kz "Taldykorgan-online.kz" сайтына сілтеме жасап.

Несиенің негізгі шарттары:

  • сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%;
  • ең жоғары сома – 10 млн теңгеге дейін;
  • бастапқы жарна жаңа пәтер үшін – 0%, қайталама нарықтағы пәтер үшін – 10%;
  • несие мерзімі – 19 жыл.

Талдықорған қаласының әкімдігі бағдарламаны жүзеге асыруға 400 млн теңге (алғашқы транш) бөліп отыр. Ақпаратқа сәйкес, аталған бағдарлама бойынша несиені Отбасы банк береді.

Несие алушыларға қойылатын талаптар:

  • қатысушының жасы 35 жасқа дейін болуы;
  • Талдықорған қаласында кемінде 1 жыл тұрақты тіркеуде болуы;
  • соңғы 5 жылда тұрғын үйге меншік құқығы болмауы;
  • Талдықорғанда таңдаған саласы бойынша кемінде 1 жыл ресми жұмыс өтілі болуы;
  • "Жетім немесе ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар" санатында болуы тиіс.

"Алғашқы сегіз жылда ай сайынғы төлем 76 600 – 87 600 теңгеге тең болады. Талдықорғанда пәтер жалдау қазір бұл бағамен бірдей немесе одан да қымбат. Біраз уақыттан кейін несие сомасы 46 400 теңгеге дейін төмендейді. Қолжетімді шарттармен несие алған балалар үйінің түлектері отбасыларымен бірге "Жастар" үйінің тар бөлмелері мен жатақханадан жеке баспаналарына көшетін болады", - деді "Отбасы банк" облыстық филиалының директоры Ғалымжан Шалғымбаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл