| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда азаматтарға профилактикалық тексеруден өту қажеттігі туралы SMS-хабарламалар жіберетін пилоттық жоба іске қосылады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
19 қазаннан бастап ескертулер Ақмола, Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындарына жолданады. Ал 26 қазаннан бастап елдің барлық өңірінде жүргізілген екпелер туралы хабарламалар жіберу жоспарланған.
SMS-хабарламалар кімдерге жіберіледі?
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 19 қазаннан бастап үш өңірде — Ақмола, Абай және Ұлытау облыстарында — азаматтарға скринингтен өту қажеттігі туралы жеке SMS-хабарламалар жіберіледі. Ескертулер 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жолданады.
Жүйе профилактикалық тексеруден өтуі қажет азаматтарды автоматты түрде анықтайды. Хабарлама алған тұрғын өзі тіркелген емханаға хабарласып, тексеруден өте алады.
Жаңа жүйе алты бағыт бойынша профилактикалық тексерулерден өтуге көмектеседі. Олардың қатарында:
жүрек-қантамыр аурулары;
онкологиялық аурулар;
қант диабеті;
ми қанайналымының бұзылуы;
вирустық гепатиттер бар.
Скринингтердің мақсаты — ауруларды ерте кезеңде анықтап, дер кезінде медициналық көмек көрсету.
Екпе туралы хабарламалар да жіберіледі. Министрлік мәліметінше, 26 қазаннан бастап Қазақстанның барлық өңірінде жүргізілген вакцинация туралы SMS-хабарламалар жіберу жоспарланып отыр.
Жаңа цифрлық сервистер азаматтарға вакцинация жөніндегі мәліметтерді тексеруге және көрсетілген медициналық қызметтерді растауға мүмкіндік беруге бағытталған.
Айта кетейік, Қазақстанда маусымдық тұмауға қарсы тегін вакцинация науқаны да басталды. Бұл мақсатқа 2,1 миллион доза вакцина сатып алынған.