452.12
508.95
5.41
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ferrari мінгендер мен ірі бизнес иелері қай санатқа кіреді? Министр түсіндірді
Жаңалықтар

Ferrari мінгендер мен ірі бизнес иелері қай санатқа кіреді? Министр түсіндірді

16.10.2026
мин
0
90
Сурет: ortcom.kz

Қазақстанда 2027 жылдан бастап азаматтардың әл-ауқаты табысы мен мүлкіне қарай бес санат бойынша бағаланады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев А, В, С, D және E санаттарына кімдер кіретінін түсіндірді. Жаңа тәртіп кейбір әлеуметтік төлемдерді тағайындауға әсер етеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда отбасылардың әлеуметтік жағдайын бағалау кезінде олардың табысы ғана емес, меншігіндегі жылжымайтын мүлік, көлік, жұмыспен қамтылуы және басқа да көрсеткіштер ескеріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, республикалық бюджеттен төленетін 36 жәрдемақының 22-сі бұрынғы тәртіппен беріледі. Ал қалған 14 төлем бойынша әл-ауқаты жоғары азаматтарға қатысты талаптар өзгеруі мүмкін.

Отбасының санатын анықтағанда бір мекенжайда тіркелген отбасы мүшелері, туыстары және бірге тұратын басқа адамдар да есепке алынады.

А санатына кімдер кіреді?

Бұл санатқа ірі бизнес иелері, агрохолдингтер мен қомақты жылжымайтын мүлкі бар ауқатты отбасылар жатады. Министрдің мәліметінше, Қазақстанда мұндай 329 мың үй шаруашылығы бар. Бұл жалпы санының 5 пайызына тең.

А санатындағы отбасының жан басына шаққандағы табысы 356 мың теңгеден басталады. Сонымен қатар бірнеше тұрғын үйі, коммерциялық жылжымайтын мүлкі, ірі бизнесі немесе люкс санатындағы автокөлігі бар азаматтардың жағдайы да ескеріледі.

Министр Ferrari, Rolls-Royce, Lamborghini, Bentley, Porsche, Maybach, Maserati, Aston Martin, McLaren, Lotus және Rivian маркалы көліктерді мысал ретінде атады.

В санатының ерекшелігі қандай?

В санатына жатқызу үшін отбасы кемінде екі критерийге сәйкес келуі керек. Олардың қатарында жан басына шаққандағы табыстың 305–356 мың теңге аралығында болуы, бірнеше жылжымайтын мүліктің немесе премиум санатындағы автокөліктің болуы бар.

Бұл топқа жоғары жалақы алатын мамандар, жеке және квазимемлекеттік сектордың топ-менеджерлері, кәсіпкерлер мен ірі актив иелері кіруі мүмкін.

Министрдің дерегінше, В санатында 1 миллион 50 мың үй шаруашылығы бар. Бұл елдегі барлық үй шаруашылығының 15 пайызы.

А және В санаттарына жатқызылған азаматтарға кейбір әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі өзгереді. Министрдің түсіндіруінше, олар мүгедектікке, асыраушысынан айырылуға байланысты жәрдемақылардан, жерлеуге берілетін төлемдерден және арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан қағылуы мүмкін.

С санатына қандай отбасылар жатады?

С санатына жан басына шаққандағы табысы 203–305 мың теңге аралығындағы отбасылар кіреді. Бұл ретте отбасының екі немесе одан да көп мүшесінің жұмыспен қамтылуы, жеке тұрғын үйі мен автокөлігінің болуы, кәсіпкерлікпен немесе шағын бизнеспен айналысуы ескеріледі.

Қазақстанда осы санатқа жататын 2,8 миллион үй шаруашылығы бар. Бұл жалпы көрсеткіштің 45 пайызы.

Министрдің мәліметінше, С санатындағы отбасылар талқыланып отырған 14 төлем бойынша шектеуге ұшырамайды. Яғни оларға жәрдемақы қолданыстағы талаптарға сәйкес тағайындалады.

D санатындағылардың жағдайы қалай бағаланады?

D санатына кедейлік шегіне жақын немесе сол деңгейдегі отбасылар жатқызылады. Олардың әлеуметтік жағдайын бағалағанда еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыссыз болуы, несие бойынша мерзімі өткен берешегі және тұрғын үймен қамтамасыз етілуі ескеріледі.

Бұл санаттағы азаматтардың жан басына шаққандағы табысы шамамен 51–102 мың теңге аралығында. Елде D санатына жататын 1,8 миллион үй шаруашылығы бар. Бұл жалпы санының 29 пайызы.

Е санатына кімдер кіреді?

Е санаты табысы жоқ немесе кедейлік шегінен төмен отбасыларды қамтиды. Сондай-ақ олардың әлеуметтік жағдайын бағалауда несие бойынша ұзақ мерзімді берешегі, еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтылуы және жеке баспанасының болуы ескеріледі.

Бұл топта қарт адамдар, мүгедектігі бар азаматтар және асыраушысынан айырылған отбасылар болуы мүмкін.

Министр келтірген мәлімет бойынша, Е санатында 212 мың үй шаруашылығы бар. Бұл жалпы санының 3 пайызына тең.

Осылайша, жаңа жүйе отбасылардың әл-ауқатын бірнеше көрсеткіш бойынша бағалауға бағытталған. Санатқа жатқызу әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде ескерілетін факторлардың бірі болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл